Астанада Тәуелсіздік сарайында адам көп шоғырланатын нысанда өрт болған жағдайда өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің іс-қимылдарын пысықтау мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.
Тактикалық жоспарға сәйкес, ғимараттың бірінші қабатындағы қойма бөлмесінде шартты өрт шықты. Шартты өрттің аумағы 175 шаршы метрді құрады. Оқу-жаттығу барысында ғимараттан 150 адам эвакуацияланды.
Шартты өртті сөндіруге жеке құрамнан 28 адам және 7 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында нысан қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі және өрт сөндіргіштерді пайдалану ережелері бойынша нұсқама берілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру, шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау, сондай-ақ нысан қызметкерлерінің адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауға және өрт кезіндегі әрекеттерге дайындығын тексеру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









