Мұнаралы крандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс

    1 / 2

    Астана қаласының Департаментінде Прокуратураның жетекшілік етуімен мұнаралы крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органмен бірлескен жұмыс жалғасуда.
    Прокуратураның ұсынуын қарау шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары айқындалды.
    Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен бірлесіп мұнаралы крандарды түгендеу жүргізілуде. Елордадағы белсенді құрылыс нысандары бойынша деректер базасы құрылды.
    Аталған іс-шаралар мұнаралы крандар туралы мәліметтердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге, олардың техникалық жай-күйіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүргізуге, сондай-ақ жүк көтергіш механизмдердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары