1 / 2
Астана қаласы ТЖД қызметкерлері Астана қаласының халықаралық әуежайында ҚР
Төтенше жағдайлар министрлігінің спортшысы Айда Аблаеваны салтанатты түрде қарсы алды.
Спортшы Грузияның Тбилиси қаласында өткен аралас жекпе-жек (ММА) бойынша әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.
Бұл жоғары жетістік – табанды еңбектің, мақсатқа деген ұмтылыстың, қайсарлық пен жоғары спорттық шеберліктің нәтижесі.
Астана қаласы ТЖД ұжымы спортшыны халықаралық аренадағы лайықты өнер көрсетуімен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа жеңістерге және биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









