1 / 8
Астана қаласы ТЖД қызметкерлері жатақханаларда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейдтер ұйымдастырды.
Іс-шара барысында жатақхана тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, электр құралдарын және газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар улы газдан улану қаупі туралы ақпараттық материалдар орналастырылып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









