Астанада су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

    1 / 12

    Астана қаласының су айдындарында мұз қату кезеңінің басталуына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

    Қазіргі уақытта елорданың барлық аудандарында «Мұзға шығуға тыйым салынады» деген ескерту белгілерін орнату және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Есіл өзенінің арналары бойында 250-ден астам ескерту белгісі орнатылған.
    Сонымен қатар, су айдындарында патрульдеу жұмыстары жүргізіліп, бейнебақылау камералары арқылы тұрақты мониторинг ұйымдастырылған. Құтқарушылар тұрғындармен, әсіресе балық аулаушылармен кездесіп, жұқа мұздың қауіптілігі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіруде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары