Жезқазғанда волейболдан Қазақстан чемпионаты мен облыс әкімінің Кубогы басталды

    1 / 7

    Жезқазған қаласында волейболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Жоғары лигасының 35-чемпионаты мен Ұлытау облысы әкімінің Кубогының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

    Жарысқа еліміздің әр өңірінен 9 команда қатысуда. Атап айтқанда, Семей, Павлодар, Астана, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Шымкент және Ұлытау өңірлерінің командалары өзара бақ сынайды.

    Чемпионаттың ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен мен Қазақстан Республикасы Волейбол федерациясының бас төрешісі Арман Қалиев қатысты.

    Іс-шара барысында құрметті қонақтар қатысушы командаларға сәттілік тілеп, волейбол спортын дамыту мен өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

    Чемпионат командалардың өзара тәжірибе алмасуына, спортшылардың шеберлігін шыңдауына және елімізде волейболдың дамуына ықпал етуге бағытталған.

    Жарыс 27 қарашаға дейін жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары