Бүгін қазақ журналистикасының негізін қалаушы, ғалым, профессор Тауман Амандосов атындағы облыс әкімі сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.
Байқаудың мақсаты – өңірлік журналистиканы дамытуға үлес қосып жүрген журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау, кәсіби еңбектерін бағалау және жас журналистерге қолдау көрсету.
Қатысу үшін 40-тан астам өтінім қабылданып, арнайы комиссия шешімімен үздіктер анықталды. Нәтижесінде, «Үздік бұқаралық ақпарат құралы» номинациясын «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газеті иеленді. Ал «Дендер» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Саламат Базарбаев – «Ақпарат айнасы», «24KZ» телеарнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Асланбек Шығыр – «Үздік жас журналист» номинациясында үздік деп танылды.
Айта кетейік, биыл Тауман Амандосовтың туғанына 105 жыл толды. Ол қазақ публицистикасының теориясы мен тәжірибесін зерттеп, отандық журналистиканың ғылыми мектебінің қалыптасуына елеулі үлес қосты. Қазақстан мен Орта Азиядағы журналистика мамандығы бойынша тұңғыш ғылым докторы атанған ғалымның мол мұрасы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








