IT CAFE: цифрлық әлемі – жаңа мүмкіндіктер алаңы

    1 / 2

    Бүгінгі білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану – уақыт талабы. Осы бағытта әдістемелік қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи цифрлық ресурстарды меңгеру және тәжірибе алмасу мақсатында «IT CAFE: цифрлық әлемі – жаңа мүмкіндіктер алаңы» тақырыбында бас мамандар мен әдіскерлерге арналған танымдық-практикалық кездесу ұйымдастырылды.

    Іс-шараның ерекшелігі – дәстүрлі семинар форматынан өзгеше, еркін шығармашылық ортада өтуі. Қатысушылар цифрлық технологиялар әлеміне саяхат жасап, жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысты және оны күнделікті әдістемелік жұмыста қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде сынап көрді.

    Кездесу барысында Chat GPT, Google Flow жасанды интеллект көмегімен мәтіндер мен әдістемелік материалдар дайындау бағытында практикалық жұмыстар жүргізілді.

    Әрбір тапсырма әдіскерлердің шығармашылық әлеуетін ашуға, цифрлық сауаттылығын жетілдіруге және жаңа технологияларды кәсіби қызметінде тиімді қолдануға бағытталды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тың идеяларымен бөлісіп, цифрлық құралдардың жұмыс тиімділігін арттырудағы маңызын талқылады.

    Кездесудің қорытынды кезеңі арт-терапияға арналды. Шығармашылық жаттығулар арқылы қатысушылар күнделікті жұмыс қарбаласынан бір сәт тынығып, ішкі сезімдерін бейнелеуге, эмоциялық жай-күйін үйлестіруге мүмкіндік алды. Арт-терапия әдісі жағымды көңіл күй қалыптастырып, шығармашылық шабыт пен өзара жағымды қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.

    IT CAFE – бұл тек технологиялармен танысу алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялар туындайтын, кәсіби ынтымақтастық нығая түсетін және шығармашылық шабыт беретін орта.

    Бүгінгі цифрлық дәуірде жаңашылдыққа ұмтылу, үздіксіз іздену және өзгерістерге бейімделу – әрбір әдіскердің маңызды міндеті. Өйткені заманауи әдіскер – тек білім мен тәжірибені жеткізуші емес, сонымен қатар білім беру үдерісіндегі жаңашылдықтың бастамашысы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім беру басқармасының «Аққулы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары