5–6 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өтті

    1 / 3

    2026 жылғы 24–25 қараша күндері Аққулы ауылының жалпы білім беретін мектебінің базасында 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
    Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін анықтау, дарынды және қабілетті балаларды қолдау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту.
    Оқушылар жаратылыстану, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндері бойынша өз білімдері мен қабілеттерін сынады.
    Жас білімпаздарға алдағы білім додаларында сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім беру басқармасының «Аққулы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары