Бүгін Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектептің базасында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Болашақ заңгер» клубының кезекті отырысы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін нығайту және жас ұрпақтың бойында әділдік пен адалдық қағидаттарын орнықтыру.
Кездесу барысында клуб мүшелері арасында дебат ойыны мен интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Дебат алаңында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты, дәлелді сөйлеу және қарсы тараптың пікірін тыңдау дағдыларын көрсетті. Ал интеллектуалдық сайыс барысында қатысушылардың құқықтық білімдері, логикалық ойлау қабілеттері мен тапқырлықтары сынға түсті.
Осындай танымдық әрі тағылымдық кездесулер жасөспірімдердің заң талаптарын түсінуіне, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді. Сонымен қатар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытып, өз көзқарасын мәдениетті түрде қорғауға үйретеді.
«Болашақ заңгер» клубы – құқықтық мәдениеті жоғары, әділеттілікті бағалайтын және ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған маңызды алаң.
Заңды құрметтеу – өзіңді, өзгені және қоғамды құрметтеу. Заң үстемдік құрған қоғамда тәртіп те, тұрақтылық та берік болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









