РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙБАРЫ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ

    1 / 2

    Қазақстан Республикасының Республика күніне орай Аққулы ауданының білім беру ұйымдарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілуде.

    Мерекеге арналған тәрбиелік іс-шаралардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және еліміздің тарихына деген қызығушылығын арттыру.

    Сынып сағаттары барысында оқушылар Республика күнінің тарихи маңызымен танысып, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен ел дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар оқушылар өз ойларын ортаға салып, Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі, азаматтық жауапкершілік пен патриотизм тақырыптарында пікір алмасты.

    Танымдық әңгімелер, шығармашылық тапсырмалар, викториналар мен патриоттық бағыттағы жұмыстар оқушылардың тарихи санасын кеңейтіп, туған жерге деген мақтаныш сезімін нығайтуға бағытталды.

    Республика күні – мемлекеттігіміздің қалыптасу жолындағы маңызды тарихи белес, елдігіміз бен бірлігімізді айқындайтын мереке. Осындай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты қалыптастырып, туған елінің тағдырына бейжай қарамайтын, білімді де саналы азамат болып өсуіне ықпал етеді.

    Ел болашағы – білімді, отаншыл ұрпақтың қолында!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім беру басқармасының «Аққулы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары