Бүгін «Жастар» жастар ұйымының жоспарына сәйкес, «Балалар спортын дамыту» жобасы және «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында Лебяжі ауданының құрметті азаматы Шәмкен Сәдіровты еске алуға арналған XXVI аудандық оқушылар спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және ауданның спорт саласына еңбегі сіңген азаматтардың есімін ұлықтау.
Спартакиаданың ашылу салтанатына Шәмкен Сәдіровтың туған-туыстары мен жақындары қатысып, оның жарқын бейнесін еске алды. Сонымен қатар Ауған соғысының ардагері Қамысов Жантемірұлының туған-туыстары жарыстың жеңімпаздарына табысталатын ауыспалы кубокты салтанатты түрде тапсырды.
Спартакиада аясында оқушылар арасында гандбол және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, ептіліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке, бірлікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеп қана қоймай, елге еңбегі сіңген азаматтардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.
Спартакиадаға қатысушы барлық оқушыларға сәттілік, әділ бәсеке және жарқын жеңістер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









