Мамлют ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша семинар өткізілді

    Мамлют ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 26 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева және Департаменттің бас маманы Күлзағира Бикенқызы Нұртаева Мамлют ауданы мектептерінің басшылары мен шағын орталықтардың әдіскерлеріне арналған семинар өткізілді.

    Кездесудің негізгі тақырыбы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін алдағы уақытта лицензиялау мәселелеріне арналды.

    Семинар барысында қатысушыларға лицензиялаудың нормативтік-құқықтық негіздері, лицензиялау рәсімінен өту тәртібі, негізгі біліктілік талаптары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуы мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар түсіндірілді.

    Қажетті құжаттарды дайындау және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін белгіленген лицензиялық талаптарға сәйкестендірудің практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша ұйым басшыларына тиісті түсіндірмелер беріліп, практикалық ұсынымдар ұсынылды.

    Департаменттің мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары