Департамент басшысының м.а. М.А. Панарина азаматтарды жеке қабылдады

    Департамент басшысының м.а. М.А. Панарина азаматтарды жеке қабылдады
    Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Департамент басшысының міндетін атқарушы Марина Анатольевна Панарина азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға өтінішпен Смирнов мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Светлана Сейтжанқызы Мейрамова келді.
    Оның сұрағы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу кезінде құрылтай және рұқсат беру құжаттарына — атап айтқанда, мектеп Жарғысына қойылатын талаптарға қатысты болды.
    Кездесу барысында өтініш берушіге егжей-тегжейлі құқықтық түсініктемелер берілді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жалпы нормалардан басқа, білім беру ұйымының Жарғысында міндетті түрде ҚР «Білім туралы» Заңының 41-бабында бекітілген ережелер қамтылуы тиіс екендігі атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары