Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева Уәлиханов ауданында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын алдағы уақытта лицензиялау мәселелеріне арнал ған семинар өткізді.
Семинарға Уәлиханов ауданының білім бөлімі өкілдері, мектеп, мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары қатысты.
Іс-шара барысында Гүлнар Темірболатқызы осы саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.
Атап айтқанда, мамандар лицензиялау рәсімінен өту тәртібін және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын талқылады. Қатысушыларға лицензиялауға дайындалуға нақты ұсыныстар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









