Бір чек - екі ұтыс: Қазақстанда сатып алушылар мен бизнес арасында 6 автокөлік ойнатылады

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдары мен «Атамекен» ҰКП ақпараттық қолдауымен Business Go платформасында «Amian сервисінде автокөліктер мен бағалы сыйлықтар ұтысы» республикалық акциясы басталғанын хабарлайды.
    Мұнда бәрі қарапайым: чек бизнеске де, азаматтарға да ірі сыйлық ұтып алуға нақты мүмкіндік береді. Акция 2027 жылдың 30 сәуірге дейін жалғасады. Әр айдың бірінші жұлдызында сағат 19:00-де тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторы арқылы екі жеңімпаз анықталады: біреуі -сатып алушылар арасынан, екіншісі - кәсіпкерлер арасынан. Жүлде қорында - 6 автокөлік, сондай-ақ смартфондар, планшеттер және ноутбуктер бар.


    Азаматтар қалай қатыса алады ?

    Ешқандай ақылы билет жоқ - сауда жасап, чекті сканерлесеңіз жеткілікті:
    • Amian қосымшасын жүктеп алып, тіркеліңіз және верификациядан өтіңіз.
    • Акцияға қатысушы сауда нүктелерінен 1 000 теңгеден басталатын сомаға сауда жасап, чектің QR-кодын 24 сағат ішінде, бірақ күніне үш чектен асырмай сканерлеңіз. Әрбір сканерленген чек - ұтысқа мүмкіндік. Сонымен қатар сатып алушылар осы дүкендерден кэшбэк, жеңілдіктер мен бонустар алады.


    Бизнес қалай қатыса алады?

    Кәсіпкерлер адалдық бағдарламасы арқылы клиенттерді тарта отырып, автокөлік пен техника ұтып алу мүмкіндігіне ие болады:

    • ЭЦҚ арқылы businessgo.kz сайтында тіркеліп, жылдық сервистер пакетін қосыңыз. Справка_по_розыгрыша
    • Amian Business жүйесінде сауда нүктесін қосып, акцияның бүкіл кезеңіне сатып алушыларға арналған адалдық бағдарламасын іске қосыңыз: жеңілдіктер, бонустар, сыйлықтар.
    • Бақылау-касса машиналары арқылы фискалдық чектер беріңіз.


    Қорытындыны қайдан көруге және толық ақпаратты қайдан білуге болады?

    Ұтыс трансляциялары «Атамекен» ҰКП және Business Go жобасының Instagram мен TikTok-тағы (@BusinessGo_kz) ресми парақшаларында өтеді.

    Толық ережелер, қатысушы нүктелердің тізбесі және бизнесті қосу - business.amianapp.kz сайтында және 1432 тегін нөмірі бойынша. Сыйлықтардың ақшалай баламасы берілмейді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары