Ұлттық валюта күні құтты болсын

    Ұлттық валюта – еліміздің тәуелсіздігінің, экономикалық егемендігі мен қаржылық дербестігінің маңызды нышандарының бірі. Теңгенің айналымға енгізілуі мемлекетіміздің тарихындағы айтулы кезең болып, ұлттық қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуына негіз қалады.

    Бүгінде әрбір азамат өзінің адал еңбегімен, кәсіби біліктілігімен және жауапкершілігімен ел экономикасының нығаюына және Қазақстанның өркендеуіне үлес қосып келеді.

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барша қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтайды!

    Баршаңызға бейбітшілік, бақ-береке, тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім тілейміз. Еліміздің экономикасы нығайып, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін! Алдымыздан жаңа мүмкіндіктер ашылып, жетістіктеріміз еселене берсін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары