Заңды тұлғаларға КТС бойынша аванстық төлемдер: уақтылы түзету енгізу

    Салық кодексінің 348-бабына сәйкес, жылдық жиынтық табысы белгіленген 600 мың айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.

    Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді уақтылы түзетудің маңыздылығын еске саламыз. Жыл ішінде компанияның қаржылық көрсеткіштері өзгеруі мүмкін, тиісінше жыл қорытындысы бойынша төленуге жататын корпоративтік табыс салық сомасы да өзгеруі ықтимал.

    Не нәрсеге назар аудару қажет?

    Егер жыл қорытындысы бойынша іс жүзінде есептелуге жататын корпоративтік табыс салық сомасы мәлімделген аванстық төлемдерден 20%-дан асып кетсе, заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес, айыппұл артық соманың 20% құрайды.

    Заңды тұлғаларға не істеуі қажет?

    1. Ағымдағы жылдағы күтілетін қаржылық нәтижелерге талдау жасау. 2. Болжамды жататын корпоративтік табыс салық сомасын бұған дейін есептелген аванстық төлемдермен салыстыру.

    3. Қажет болған жағдайда 101.02 нысаны бойынша есепті ұсыну.

    101.02 нысаны бойынша есепті ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұсынуға болады. Дегенмен, түзету енгізуді желтоқсанның соңғы күндеріне қалдырмауға кеңес береміз. Жылдың аяқталуын күтпеңіз. Аванстық төлемдеріңізді қазір тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша есепті уақтылы ұсыныңыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары