АУДАН ӘКІМІ БӨДЕНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 9

    Индер ауданының әкімі Серік Нсанбаев Бөдене ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін талқылады.

    Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда Жарсуат – Бөдене бағытындағы қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру, егін жинау науқанынан кейін алқаптарда қалған қалдықтарын жинау, көшелерді жарықтандыру, ауылға инвестор тарту және елді мекеннің тазалығын сақтау мәселелері сөз болды.

    Сонымен қатар Жайық өзенінің су тасқыны кезеңінде жағалаудың опырылу қаупінің алдын алу, жыраларды бекіту және жағалауды нығайту жұмыстарына қатысты ұсыныстар айтылды.

    Көтерілген мәселелер мен тұрғындардың сауалдарына аудан әкімі жауап беріп, тиісті бөлім басшыларына зерделеу және шешу жолдарын қарастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

    Сондай-ақ аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштеріне қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берді.

    Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Индер ауданының әкімдігі" жаңалықтары