1 / 9
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымызда тұрғындарды әлеуметтік қолдау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және баспанамен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Серік Нсанбаев Жарсуат және Бөдене ауылдарында 6 отбасыға, Елтай ауылында 1 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.
Аудан басшысы жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толып, жаңа үйлеріңіз құтты мекенге айналсын!
Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









