АУДАН ӘКІМІ ЖАРСУАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 9

    Индер ауданының әкімі Серік Нсанбаев Жарсуат ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

    Кездесу барысында аудан басшысы бұған дейінгі кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, шешімін тапқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

    Жиында ауыл тұрғындары трансформаторды жөндеу, саябақты абаттандыру, тұрмыстық қалдықтарды шығару, жазғы ауызсу мәселесі және көшелерді жарықтандыру бағытында өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.

    Аудан әкімі көтерілген мәселелерді тыңдап, олардың шешілу жолдары бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

    Сонымен қатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

    Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Индер ауданының әкімдігі" жаңалықтары