«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

    1 / 6

    «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Индербор кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық тазалық талаптарын сақтауына бақылау жүргізу мақсатында рейдтік шара ұйымдастырылды.

    Рейдке аудан әкімінің орынбасары Ф.Шахметов, Индербор кентінің әкімі Б.Сахипов, аудандық полиция бөлімінің және кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері қатысты.

    Шара барысында кәсіпкерлік нысандардың аумағы тексеріліп, тазалық талаптарын сақтамаған кәсіпкерлерге ескертулер берілді. Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша бірнеше кәсіп иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды.

    Мұндай рейдтік шаралар аудан аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында алдағы уақытта да жалғасатын болады.

    Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Индер ауданының әкімдігі" жаңалықтары