
Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан әкімінің орынбасары Фархат Шахметовтың ұйымдастыруымен рейдтік іс-шара өткізілуде.
Рейд барысында тұрғын үйлердің айналасының санитарлық тазалығы, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардың рұқсатсыз төгілуінің алдын алу, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің нысандарының қасбеттері мен іргелес аумақтарының талапқа сай күтіп-ұсталуы бақылауға алынды. Заң талаптарын сақтап, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі жөнінде тұрғындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері аудан аумағында осы бағытта барлығы 14 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, анықталған заң бұзушылықтар бойынша 102 әкімшілік хаттама толтырылды.
Аудан тұрғындарын тазалық мәдениетін қалыптастыруға, өз аулалары мен кәсіпкерлік нысандарының айналасын таза ұстауға шақырамыз.
Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі





