
Индер ауданында X TRI INDER 2026 триатлон жарысы өтті. Спорттық додаға Атырау облысының Жылыой және Исатай аудандарынан, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Орал және Шымкент қалаларынан 120 спортшы қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жарыс барысында қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Олар 600 метр қашықтыққа жүзу, 30 шақырым веложарыс және 10 шақырым жүгіру кезеңдерін еңсерді.
Жарыстың абсолюттік есебінде ерлер арасында Нартай Қазиев үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орын иеленді. Екінші орын Нұрмұхан Алиевке, үшінші орын Данила Гусевке бұйырды.
Әйелдер арасындағы абсолюттік есепте Бақытгүл Сәрмекова жеңімпаз атанды. Жанаргүл Нұрмұханова екінші, Арай Мұстахим үшінші орынға ие болды.
Ал эстафеталық жарыстың абсолюттік есебінде бірінші орынды Samgau командасы жеңіп алды. Екінші орын – Велоспорт, үшінші орын Inder командасына берілді.
Жарыс қорытындысы бойынша абсолюттік есеп пен эстафетаның жүлдегерлері қаржылай сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге түрлі сертификаттар табысталды.
X TRI INDER 2026 жарысының жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өтуіне Prime Aviation, «Sapsano» ЖШС, BI Group Batys және Batys Motors компаниялары қолдау көрсетті.






