Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге уәкілетті аумақтық органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Тікелей эфир аңдатпасы!

    Тақырыбы: «2026 жылғы камералдық бақылау: Сәйкессіздіктер туралы хабарламалар және салық төлеушілердің әрекеттері» Спикер: Қалыбай Ерасыл Жомартұлы - Алматы қ. бойынша МКД №1 камеральдық мониторинг бөлімінің бас маманы. Күні мен уақыты: 2026 жылғы 10 қараша, 16:00.

    10 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Тікелей эфир аңдатпасы!

    Тақырыбы: «Мемлекеттік бажды қайтару» Спикер: Сухих Наталья Николаевна - Түрксіб ауданы бойынша МКБ Талдау және есепке алу бөлім басшысы. Күні мен уақыты: 2026 жылғы 29 қазан, 16:00.

    29 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Тікелей эфир аңдатпасы!

    Тақырыбы: «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі мен шарттары» Спикер: Нуржанов Куат Нургалиевич - Тауарларды декларациялауды бақылау бөлімінің бас маманы. Күні мен уақыты: 2026 жылғы 15 қазан, 16:00.

    16 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Тікелей эфир аңдатпасы!

    Тікелей эфир аңдатпасы! Тақырыбы: Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00 нысаны): сұрақтар мен жауаптар Спикер: Дәулетбектегі Назым Тамашқызы - Жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің бас маманы Күні мен уақыты: 2026 жылғы 10 қыркүйек, 16:00.

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Тікелей эфир аңдатпасы!

    Тікелей эфир аңдатпасы! Тақырыбы: «Жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өту ережелері». Спикер: Бадау Бауыржан Амандықұлы - Алматы қ. бойынша МКД “Жетісу” кеден бекетінің бас маманы. 🗓️ Күні мен уақыты: 2026 жылғы 03 қыркүйек, 16:00.

    3 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Тікелей эфир аңдатпасы!

    Тікелей эфир аңдатпасы! Тақырыбы: «Мемлекеттік бажды қайтару». Спикер: Аджа-Ходжинова Айжан Айбекқызы - Дербес шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімінің бас маманы Күні мен уақыты: 2026 жылғы 31 тамыз, 16:00.

    31 тамыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар (Заңның 1-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы). Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізбесі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығымен (бұдан әрі – Бақылау тізімі) бекітілген. Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологияларға) қатысты экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыруға не эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бақылау тізіміне сәйкес оларға сәйкестендіру жүргізуге міндетті. Бақылау тізімінің 4-тармағында белгілі бір өнімді қосарлы және әскери мақсаттағы өнімдерге сәйкестендіру және ара қатынасын белгілеу жөніндегі шешім аталған тізімнің бақылауға алынған өнімінің техникалық параметрлерімен айқындалады. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі - Өнеркәсіп министрлігі) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті орган және лицензиар орган болып табылады. Бақылау тізіміне сәйкес біржақты сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шетелдік тұлғалар өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды алу үшін Өнеркәсіп министрлігіне жүгіне алады. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оған құжаттар тізбесі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бірдейлендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 394 бұйрығымен регламенттеледі.

    Сұрақ

    Бажсыз сауда дүкендері (БСД) қалай ашуға болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 524-бабына сәйкес бажсыз сауда дүкендері иелері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады: 1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың және (немесе) үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы: сауда залы тауарларды кедендік декларациялауды жүргізу үшін айқындалған орын шегінен тыс жерде болуға тиіс; бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға дайындау (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалар) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиіс; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың болуы; 3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы; 4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 528, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы; 5) тауарларды осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізу үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді; 6) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы. 7) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы. Егер бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға және (немесе) үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде алты ай мерзімге жасалуға тиіс. 2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz)арқылы жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Еркін қойманы (ЕҚ) қалай ашуға болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 516-бабына сәйкес күзетілетін не жеке тұлғалардың кіруін бақылау режимі бар және солардың шегінде осы Кодекске сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін ғимараттар (ғимараттардың бөліктері), ғимараттар кешені, жайластырылған және жабдықталған аумақтар және (немесе) ашық алаңдар (бұдан әрі осы тарауда – құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар) еркін қоймалар болып табылады. Еркін қойма заңды тұлға еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылды деп есептеледі. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары Кодекстің 517-бабы анықтады. Еркін қойманың иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады: 1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы: еркін қойма ретінде пайдалануға арналған аумақ заңды тұлғаның еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішінде көрсетілген мақсатқа сәйкес тауарларды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін жабдықталған және жайластырылған болуға тиіс; жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақтың (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) бөгде адамдардың кіруін болғызбауды қамтамасыз ететін бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс; тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақтың осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуі; электр жарығымен жарақтандырылған және кеден органдарының бағдарламалық өнімдерімен үйлесетін тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, жете тексеру пункттерінде орналасқан тауарларды жете тексеру үшін орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс; орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының болуы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы; 2) кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы; 3) уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес келетін, кедендік операцияларды жасау кезінде аумақтық кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстырып қарауға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы; 4) аумақтық кеден органдарына өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 538, 539, 540, 544, 551, 552, 555 және 558-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормаларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген және орындалмаған қаулының болмауы және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының көрсетілген бұзушылықтарына алып келген себептердің жойылмау фактілерінің болмауы; 5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы. 6) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы. Егер еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс. Қосымша талаптар «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен бекітілген. Бұдан әрі, кеден органының қызметкері үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы күні мен уақытын көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан жібереді. Тексеру жүргізілгеннен кейін тізілімге енгізу шарттарына сәйкестігі не сәйкестігі туралы кедендік тексеру актісін жасайды. Тізілімге енгізілгеннен кейін кеден заңнамасы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кодекстің 30-тарауында белгіленген еркін қойманың кедендік рәсімін қолдану шарттары сақталған кезде өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілерін және қосалқы инфрақұрылымды еркін қойманың аумағында салу мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді. 2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz)арқылы жүзеге асырылады. Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз.

    Сұрақ

    Кеден қоймасы (КҚ) қалай ашуға болады?

    Жауап

    Кеден қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады: 1) кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы: ашық типтегі қоймалар үшін – тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы; орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы; техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы; электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс; заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген кезде: табиғи жолмен ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс; аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс; жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс; 2) ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы; 3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы; 4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы; 5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы; 6) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы. Егер кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс. Қосымша талаптар «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен бекітілген. Уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдар (бұдан әрі – Қоймалар): тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын; осы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге орналастырылады, жайластырылады және жабдықталады. Қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлар, үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар кедендік бақылауда тұрған көлік құралдарын және тауарларды тұраққа қою үшін жабдықталған қатты төсемі бар (асфальт, бетон не өзге де қатты төсем) қорғалатын аумақ болып табылады. Қатты төсемі болуы керек деген талаптар еркін қоймалардың аумағына таратылмайды. Қоймалардың орналасқан жеріне (еркін қоймалардан басқа), жайластырылуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады: 1) көлік түріне байланысты техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы; 2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы; 3) қоймалардың барлық периметрлері бойынша үздіксіз қоршаудың болуы; 4) бақылау-өткізу пункттерінің болуы; 5) бақылау камералары тәулік бойы жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы жазба деректерді көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа); 6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары; 7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бұдан әрі, кеден органының қызметкері үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы күні мен уақытын көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан жібереді. Тексеру жүргізілгеннен кейін тізілімге енгізу шарттарына сәйкестігі не сәйкестігі туралы кедендік тексеру актісін жасайды. 2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz)арқылы жүзеге асырылады. Қызметті тоқтата тұру шарттары, тізілімнен шығару, сондай-ақ кеден қоймасы иесінің міндеттері Кодекстің 512, 513 және 514-баптарында белгіленген. Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында кеден қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз. Ашық типті кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, кеден қоймасының иесі уақытша сақтау қоймасына техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуын, электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуын қамтамасыз етеді. Кеден қоймалары ашық немесе жабық типте болуы мүмкін. Кеден қоймалары, егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болса, ашық типтегі қоймалар болып табылады. Кеден қоймалары, егер олар осы кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналса, жабық типтегі қоймалар болып табылады. Ашық типтегі кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмей, тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ашық типтегі кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, ол үй-жайдың қалған бөлігінен тұтас қоршаумен оқшаулануға тиіс. Ашық типтегі қоймалар үшін – тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы Ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы; Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді. Бұдан әрі, кеден органының қызметкері үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы күні мен уақытын көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан жібереді. Тексеру жүргізілгеннен кейін тізілімге енгізу шарттарына сәйкестігі не сәйкес .стігі туралы кедендік тексеру актісін жасайды. Қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні күн ішінде қарайды. Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз.

    Сұрақ

    Уақытша сақтау қоймалары (УСҚ) қалай ашуға болады?

    Жауап

    Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары: Уақытша сақтау қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады: 1) уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы: тәулік бойы режимінде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, уақытша сақтау қоймасының аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) уақытша сақтау қоймасының аумағына кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың уақытша сақтау қоймасының аумағына және (немесе) үй-жайларға кіруін және уақытша сақтау қоймасының аумағынан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйелерінің болуы; қажетті тиеу-түсіру механизмдерін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растау не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы; орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы; техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы; электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны периметрі бойынша сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебайқау құралдарына көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс; аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс; табиғи жолмен шыққан ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс; 2) басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы; 3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы; 4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы; 5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы. 6) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы. Егер уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді. Қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Қосымша талаптар «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен бекітілген. Уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдар (бұдан әрі – Қоймалар): тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын; осы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге орналастырылады, жайластырылады және жабдықталады. Қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлар, үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар кедендік бақылауда тұрған көлік құралдарын және тауарларды тұраққа қою үшін жабдықталған қатты төсемі бар (асфальт, бетон не өзге де қатты төсем) қорғалатын аумақ болып табылады. Қатты төсемі болуы керек деген талаптар еркін қоймалардың аумағына таратылмайды. Қоймалардың орналасқан жеріне (еркін қоймалардан басқа), жайластырылуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады: 1) көлік түріне байланысты техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы; 2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы; 3) қоймалардың барлық периметрлері бойынша үздіксіз қоршаудың болуы; 4) бақылау-өткізу пункттерінің болуы; 5) бақылау камералары тәулік бойы жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы жазба деректерді көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа); 6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары; 7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бұдан әрі, кеден органының қызметкері Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы күні мен уақытын көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан жібереді. Тексеру жүргізілгеннен кейін тізілімге енгізу шарттарына сәйкестігі не сәйкестігі туралы кедендік тексеру актісін жасайды. 2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі ( http://keden.kgd.gov.kz )арқылы жүзеге асырылады. Қызметті тоқтата тұру шарттары, тізілімнен шығару, сондай-ақ уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері Кодекстің 505, 506 және 507-баптарында белгіленген. Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз.

    Сұрақ

    Әлеуметтік төлемдерді қашан төлеу керек?

    Жауап

    Әлеуметтік төлемдерге міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС), әлеуметтік аударымдар (ӘА) және әлеуметтік жарналар жатады. Бұл төлемдер белгіленген мерзімде және бекітілген тәсілдермен төленуі тиіс. Барлық әлеуметтік төлем түрлері бойынша төлем мерзімі — ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей. Мысалы, сәуір айы үшін төлемдер 25 мамырға дейін жүргізілуі қажет. Бұл талап жұмыс берушілерге де, жеке кәсіпкерлерге де қолданылады. Әлеуметтік төлемдерді Kaspi.kz, Halyk Bank сияқты банк қосымшалары арқылы немесе екінші деңгейлі банктерге барып төлеуге болады.

    Ақпарат

    РТК борышкер ТУРЕМУРАТОВА КАНЖАРКУЛЬ ЖАКСЫЛЫКОВНА

    Жарияланды:
    Ақпарат

    РТК борышкер ТОҚТАРҒАЗИН ӘБІЛ-МАНСҰР ДИНИСЛАМҰЛЫ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    РТК борышкер ЖУМАТАЕВ АЛМАС АКЫЛБЕКОВИЧ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    РТК "Строительная Компания "РИД" ЖШС

    Жарияланды:
    Ақпарат

    РТК борышкер САУРАНБАЕВА КАЛАМКАС МАЛИКОВНА

    Жарияланды:
    Ақпарат

    РТК борышкер СЫДЫҚЖАН АЙГЕРІМ НУРАХМЕТҚЫЗЫ

    Жарияланды: