МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ

    Қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту, мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастыру және қызметтік әдеп талаптарын сақтау — мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарының бірі.
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілген.
    Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде де, қызметтен тыс уақытта да ұстануға тиіс мінез-құлық талаптарын айқындайды.
    Қызметтік әдептің негізгі қағидаттары:
    ▪️ адал ниеттілік;
    ▪️ адалдық;
    ▪️ әділдік;
    ▪️ ашықтық;
    ▪️ сыпайылық;
    ▪️ клиентке бағдарлану.
    Мемлекеттік қызметшілер:
    ▪️ азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен құрмет танытуға;
    ▪️ қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауға;
    ▪️ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
    ▪️ мүдделер қақтығысына жол бермеуге;
    ▪️ қызметтік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын ұстануға;
    ▪️ мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге тиіс.
    Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, олардың бұзылуының алдын алу және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізеді.

    Қызметтік әдеп стандарттарын бұзу заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
    Мемлекеттік қызмет — қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім. Ал қызметтік әдеп нормаларын сақтау — азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың маңызды шарты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары