2026 жылғы қараша айына арналған негізгі салық есептіліктері мен міндетті төлемдер

    2026 жылғы қараша айында салық төлеушілер салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу бойынша бірқатар міндеттемелерді орындауы қажет. Салық есептілігінің басым бөлігі 2026 жылдың III тоқсанының қорытындыларына қатысты. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін уақтылы орындау қажеттігін еске салады.

    САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ:

    16 қараша:

    • 101.03 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есеп;
    • 101.04 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есеп;
    • 200.00 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
    • 300.00 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін ҚҚС бойынша декларация;
    • 400.00 нысаны – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін акциз бойынша декларация;
    • 500.00 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін роялти, өндіру бонусы, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларация;
    • 510.00 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін қол қою бонусы бойынша декларация;
    • 701.01 нысаны – мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі;
    • 710.00 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін ойын бизнесі салығы бойынша декларация;
    • 860.00 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
    • 870.00 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация;
    • 880.00 нысаны – 2026 жылғы III тоқсан үшін цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация.

    20 қараша:

    • 328.00 нысаны – 2026 жылғы қазан айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
    • 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі;
    • 870.00 нысаны – 2026 жылғы қазан айында рұқсат құжатын алған I және II санаттағы объектілер операторлары үшін 2026 жылға арналған қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.

    ТӨЛЕМДЕР:

    5 қараша:

    • 2026 жылғы қазан айы үшін жекеше практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары бойынша ЖТС.

    10 қараша:

    • 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезең үшін шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР бойынша есептелген ЖТС және жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

    16 қараша:

    • 2026 жылғы қазан айы үшін интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС.

    20 қараша:

    • 2026 жылғы қазан айы үшін ЕАЭО-дағы ҚҚС;
    • 2026 жылғы қазан айы үшін ЕАЭО елдерінен импортты қоса алғанда, акциз;
    • қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.

    24 қараша:

    • 2026 жылғы қазан айында бейрезиденттердің жекелеген санаттарына төленген табыстардан ЖТС.

    25 қараша:

    • КТС – 2026 жылғы қараша айы үшін аванстық төлемдер;
    • 2026 жылғы қазан айында төленген резиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;
    • төлем көзінен ұсталған ЖТС;
    • бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;
    • бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарынан ЖТС;
    • 2026 жылғы қазан айы үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС;
    • 2026 жылғы III тоқсан үшін ҚҚС;
    • 2026 жылғы III тоқсан үшін экспортқа салынатын рента салығы;
    • 2026 жылғы III тоқсан үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
    • 2026 жылғы қазан айы үшін әлеуметтік салық;
    • мүлік салығы;
    • 2026 жылғы III тоқсан үшін ойын бизнесі салығы;
    • жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
    • су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
    • қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
    • 2026 жылғы қараша айы үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
    • 2026 жылғы III тоқсан үшін цифрлық майнинг үшін төлемақы;
    • 2026 жылғы қазан айы үшін бірыңғай төлем;
    • 2026 жылғы қазан айы үшін әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА, МӘМС аударымдары, МӘМС жарналары).

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті техникалық кідірістер мен өсімпұл есептелуіне жол бермеу үшін салық төлеушілерге есептілікті тапсыруды және төлемдерді төлеуді соңғы күндерге қалдырмауды ұсынады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары