Қазақстанның бес өңірінде Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары іске қосылды

    Бизнесте қиындықтарға тап болдыңыз ба немесе күнделікті мәселелерді шешу жолдарын іздеп жүрсіз бе? «Даму» қоры Мемлекеттік кірістер комитетімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кешенді сүйемелдеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда.

    Орталықтар қайда жұмыс істейді:
    •Астана қ.
    •Алматы қ.
    •Шымкент қ.
    •Ақтөбе облысы
    •Солтүстік Қазақстан облысы
    Қандай көмек алуға болады:
    •«Бір терезе» қағидаты: өтініштерді кешенді сүйемелдеу, мәселенің мән-жайын анықтау және оны шешудің қадамдық бағытын айқындау.
    •Мемлекеттік органдармен тікелей диалог: Орталықтар базасында бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік кірістер департаменттері мен «Атамекен» ҰКП өңірлік палаталарының өкілдері қабылдау жүргізеді.
    •«Бәйтерек» холдингінің қолдауы: жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және несиелерді кепілдендіру мәселелері бойынша кеңес беру.
    •Орындалуын бақылау: кәсіпкерлердің өтініштерін қарау нәтижелеріне жәрдемдесу және мониторинг жүргізу.
    Қайда жүгінуге болады: Кәсіпкерлерді қабылдау аталған қалалар мен облыстардағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдарының базасында жүргізіледі.
    Байланыс деректері:
    •«Даму» қорының бірыңғай call-орталығы: 1408
    •Сайт: damu.kz
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары