Құрметті салық төлеушілер!

    Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 3-қарашадаң бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) 000.20.02 – «Тауарлар импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік, 000.20.03 – «Алынған жұмыстардың және (немесе) қызметтердің шығыстары бойынша халықаралық іскерлік операциялар» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік, 000.20.04 – «Алынған қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды.

    СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

    Сұрақтар туындаған жағдайда сіз [email protected] электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

    Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары cондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

    Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 000.20.02, 000.20.03, 000.20.04 ЕН қол жетімді емес.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары