Азаматтар қарыздарын қалай реттей алады - соттан тыс банкроттық

    Егер сіздің банктерге, микроқаржы ұйымдарына немесе басқа да несие берушілерге қарызыңыз болса, бұл автоматты түрде өзіңізді банкрот деп тануға болады дегенді білдірмейді. Ол үшін банкроттық туралы заңнамадағы белгілі талаптарды білу маңызды.

    Сондықтан өтініш бермес бұрын, осы талаптарға сәйкестігіңізді тексеріп алу қажет. Сондай-ақ банкроттық - қарыз мәселелерін шешудің жалғыз жолы емес екенін білген жөн. Егер сіздің тұрақты табысыңыз бен қарызды біртіндеп өтеу мүмкіндігіңіз болса, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін пайдалануға болады. Сонымен, банкроттық туралы заңнамада үш рәсім қарастырылған: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Біріншісі - соттан тыс банкроттық.

    Ол банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық ұйымдар алдындағы берешек бойынша қолданылады. Осы рәсімнің талаптары: Қарыздың жалпы сомасы 1 600 АЕК-тен аспауы тиіс. Тіркелген мүлкітің, соның ішінде ортақ мүлкітің болмауы. Қарыздың үздіксіз 12 ай бойы өтелмеуі. Кредитормен берешекті реттеу рәсімінің жүргізілуі. Банкроттық рәсімінің соңғы 7 жыл ішінде қолданылмауы. Өтінішті eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы немесе ЦОН арқылы беруге болады.

    Банкроттықтың келесі рәсімдері - сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы келесі шығарылымда айтылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары