Қазақстанда балаларға ерте жастан медициналық көмек көрсету жүйесі жүйелі түрде жетілдіріліп келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен халықаралық конгресте мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, елде ана мен бала денсаулығына, балалардың дамуындағы ауытқуларды ерте анықтап, дер кезінде көмек көрсетуге басымдық беріліп отыр.
-Соңғы бір жылда елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының жанынан 440-тан астам даму және ерте араласу орталығы ашылды. Бұл орталықтарда түрлі саланың білікті мамандары бірлесіп жұмыс істейді,-деді Ақмарал Әлназарова.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









