2026 жылғы 21 қарашадан бастап білім беру ұйымдарында балаларды есепке алу және буллингтің алдын алу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер күшіне енеді.
Өзгерістер оқумен қамтылмаған балаларды анықтау тетіктерін жетілдіруге, дәлелді себептерсіз сабақтарды жүйелі түрде босататын балаларға бақылауды күшейтуге, сондай-ақ буллингтің алдын алу және оған ден қою шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған.
[Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 2 қарашадағы № 309-НҚ бұйрығы](https://prg.kz/document/?doc_id=38834882).
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









