Құрылтайда өткен брифинг барысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова биыл педагог-психологтарға шамамен 60 мың теңге көлемінде қосымша төлем енгізілгенін еске салды.
Министрлік қазіргі уақытта үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Біз бірден белгілі бір соманы қосымша төлем ретінде береміз деп айта алмаймыз. Сынып сағаттарының қанша екенін есептеуіміз керек»,-деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сынып сағаттарын «Жеке қауіпсіздік» пәні сияқты жеке пән ретінде енгізу немесе басқа тәсілді қолдану мүмкіндіктері қарастырылуда.
Министрдің айтуынша, арнайы педагогтарға қосымша ақы төлеуді 2029 жылы енгізу жоспарланған. Министрлік сынып жетекшілерін қолдауға осыдан кейін ғана көшеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








