1 / 9
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Боралдай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Асылхан Тоқтамысов атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер жөнінде баяндама жасады.
Округте ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындар жеңілдетілген несие алып, мал бордақылаумен айналысуда. Сонымен қатар, «KAZAKHSTAN CENTRAL ASIA» ЖШС Теректі елді мекенінде мал бордақылау алаңының құрылысын жүргізуде. Абаттандыру жұмыстары аясында Қаратас ауылында шағын футбол алаңы мен обелиск орнатылып, Жоғарғы Боралдайда балалар ойын алаңы салынды. Тұттыбұлақ аумағында демалыс аймағын салу да жоспарланған.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендерде тазалық, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, ішкі көшелерді асфальттау, жарықтандыру, ауыз су жүйелерін қайта жаңарту және елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту алдағы кезеңнің негізгі міндеттері ретінде белгіленді.
Кездесу барысында алдағы кезеңге жоспарланған жобалар да таныстырылды. Олардың қатарында Боралдай ауылына қосымша спорт зал салу, Теректі мектебінің жанынан қосымша ғимарат тұрғызу, Жоғарғы Боралдай, Амансай және Түйетас елді мекендерінің көшелерін асфальттау, О. Тайманов ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңарту мәселелері бар.
Ауылдық округтің инвестициялық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және салық түсімдерін көбейту де алдағы міндеттердің бірі ретінде белгіленді.
Кездесу соңында тұрғындар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан басшысы айтылған мәселелерді назарға алып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









