БӘЙДІБЕК: БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 8
    Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Бөген ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
    Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Қанат Қонысбеков өткен кезеңде жүзеге асқан жұмыстарға тоқталып, бюджет түсімдері, кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту және инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жобалар туралы мәлімет берді.
    Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 12 тұрғын жеңілдетілген несие алып, мал бордақылау кәсібін қолға алған. Сонымен қатар, Жиенқұм елді мекені аумағында «J&B AGRO GROUP 2025» серіктестігі тарапынан мақта өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаны жыл соңында іске қосу жоспарланған.
    Округте жергілікті бюджет есебінен Шалдар ауылындағы футбол алаңшасының жасанды жабыны жаңартылып, көше жарығын орнату жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Ауыл жастарының демеушілігімен «Бірлік» аллеясын салу, Сарқырама елді мекенінде аялдама орнату және футбол алаңын абаттандыру жұмыстары атқарылуда.
    Кездесуде көше жолдарын жөндеу, жарықтандыру, елді мекендерді көгалдандыру, тазалық сақтау және ауызсу мен газбен қамтамасыз ету мәселелері де қамтылды. Ауылдық округ әкімі алдағы кезеңде инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
    Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру және тиісті жұмыстарды үйлестіру бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары