БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ӘСЕТ ӘССАНДИ МЕН МҰХТАР ШЕРІМДІ ҚАБЫЛДАДЫ

    1 / 4
    Ауданға арнайы келген Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, « didarbek.kz » қоғамдық-саяси, мәдени-ақпараттық порталының директоры Әсет Әссанди және Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, танымал жазушы-сатирик, сықақшы Мұхтар Жұмашұлы Шерім аудан әкімі Ұласбек Сәдібековпен кездесті.
    Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар, сондай-ақ өңірдің әлеуетін арттыру және қоғамдық ақпарат кеңістігінде насихаттау мәселелері талқыланды.
    Кездесуде ауданның даму бағыттарына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта ақпараттық және шығармашылық бағыттағы ынтымақтастық мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті.
    Аудан басшысы өңірдің тыныс-тіршілігін, атқарылып жатқан жұмыстар мен даму бастамаларын кеңінен насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдары мен шығармашылық қауым өкілдерінің рөлі маңызды екенін атап өтті.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары