Ақмола облысында инклюзивті қауіпсіздік мәселелері талқыланды

    1 / 6

    жағдайлар кезінде мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.

    Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ренат Валишановтың төрағалығымен өткен кездесуге мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың, сондай-ақ әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар профилактикалық жұмысты жетілдіру, уақтылы хабарлау, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту іс-шараларын өткізу мәселелерін талқылады.

    Сонымен қатар қолжетімді әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

    Басты мақсат – әрбір адамның физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, уақтылы көмек алуына, қажетті ақпаратқа қол жеткізуіне және төтенше жағдай кезінде қауіпсіз эвакуациялануына жағдай жасау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары