Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі онкүндігі жалғасуда

    1 / 16

    Ақмола облысында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға және халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» жалғасуда.

    Онкүндіктің екінші күні «Қауіпсіз үй – бақытты отбасы» ұранымен ТЖД қызметкерлері көпбалалы отбасыларға барды. Профилактикалық іс-шаралар барысында құтқарушылар көміртегі тотығын анықтайтын датчиктер орнатып, мұржаларды тазалады. Сондай-ақ тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндірді.

    Онкүндік басталғалы бері шамамен 3 мың аула аралау жұмысы жүргізіліп, профилактикалық іс-шаралармен 8,3 мың адам қамтылды. 50 мұржа тазартылып, 115 көміртегі тотығын анықтайтын датчик және 21 пеш алдындағы металл төсем орнатылды, 21 жылыту жүйесі жөнделді.

    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» Ақмола облысының барлық аудандарын қамтиды. Іс-шаралар «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп, өрт қаупін азайтуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары