АЗАМАТТАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ

    Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардың берешегін реттеудің заңнамада көзделген үш рәсімін түсіндіреді.

    1. СОТТАН ТЫС БАНКРОТТЫҚ

    Негізінен банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешектерге қолданылады.

    Негізгі талаптары:

    Берешек 1600 АЕК-тен (2026 жылы – 6 920 000 теңге) аспауы;
    Борышкердің, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлкінің болмауы;
    Қатарынан 12 ай бойы берешектің өтелмеуі;
    Соңғы 7 жылда банкроттық рәсімінің қолданылмауы.

    Жекелеген санаттағы азаматтар үшін заңнамада ерекшеліктер қарастырылған.

    Өтініш eGov.kz, eGov Mobile немесе ХҚКО арқылы беріледі.

    2. СОТ АРҚЫЛЫ БАНКРОТТЫҚ

    Заңнамада белгіленген жағдайларда, оның ішінде берешек 1600 АЕК-тен асқанда қолданылады. Борышкердің мүлкі қарызды өтеу үшін сатылуы мүмкін.

    3. ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

    Тұрақты табысы бар немесе мүлкінің құны міндеттемелерінен асатын азаматтарға арналған.

    Артықшылықтары:
    Азамат банкрот деп танылмайды;
    Берешекті 5 жылға дейін бөліп төлеу;
    Қарызды өтеудің жеке жоспарын әзірлеу;
    Қаржылық жағдайды біртіндеп қалпына келтіру.

    БАНКРОТТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ:

    5 жыл – банктік қарыздар мен микрокредиттер алуға шектеу (заңда ерекшеліктер бар);
    7 жыл – қайта банкроттық рәсімін қолдануға шектеу;
    3 жыл – қаржылық жағдайға мониторинг жүргізу.

    МАҢЫЗДЫ!

    Бұл рәсімдер жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген ҚР азаматтарына қолданылады.

    Рәсімді таңдау берешек мөлшеріне, мүлікке, табысқа және заңнама талаптарына байланысты.

    Құқықтық негіз: ҚР 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №178-VII «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы.

    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары