МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР ТАҚЫРЫБЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ

    Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Асыл Абаевич Альсеитов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысты.
    Брифинг барысында «Мобильді аударымдар бойынша өзгерістер» тақырыбында түсіндірме берілді.
    Атап айтқанда, 2026 жылдан бастап мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарттары, кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерді айқындау және банктердің мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер ұсыну тәртібі түсіндірілді.
    Сонымен қатар жеке мақсаттағы мобильді аударымдар мен кәсіпкерлік қызметтен түсетін төлемдердің айырмашылығы, кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелері туралы айтылды.
    Мобильді аударымдарды бақылаудың көлеңкелі экономиканы азайтудағы, кәсіпкерлік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етудегі және салық заңнамасын сақтаудағы маңызы атап өтілді.
    Келіп түскен сұрақтарға спикер тарапынан жан-жақты әрі түсінікті жауаптар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары