ФИСКАЛДЫҚ ЧЕК БЕРІЛМЕСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

    Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауар сатып алу, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету кезінде фискалдық чек беру тәртібін түсіндіреді.

    Фискалдық чек қандай жағдайда берілуі тиіс?

    Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, кәсіпкерлер ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдануға және сатып алушыға фискалдық чек беруге міндетті.

    Чек келесі жағдайларда беріледі:

    Қолма-қол ақшамен төлем жасағанда;

    Банк картасымен есеп айырысқанда;

    Мобильді төлемдер, оның ішінде QR-код арқылы төлем жасағанда.

    Маңызды!

    Банк қосымшасындағы төлем түбіртегі заңнамада БКМ қолдану міндеті көзделген жағдайларда фискалдық чекті алмастырмайды.

    Фискалдық чек қағаз немесе электрондық түрде берілуі мүмкін.

    Егер сатушы чек бермесе не істеу керек?

    Сатушыдан фискалдық чек беруді талап етіңіз.

    Чек берілмеген жағдайда сауда орнының атауын, мекенжайын, сатып алу күні мен уақытын тіркеп алыңыз.

    Мемлекеттік кірістер органына немесе e-Otinish жүйесі арқылы өтініш жолдаңыз.

    Қандай жауапкершілік қарастырылған?

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 284-бабына сәйкес:

    Алғаш рет анықталған құқық бұзушылық үшін ескерту жасалады.

    Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 20-дан 40 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

    Есте сақтаңыз!

    Фискалдық чек – сатып алу фактісін растайтын және тұтынушының құқықтарын қорғауға көмектесетін маңызды құжат.

    Құқықтық негіз:
    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110–111-баптары және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 284-бабы.

    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары