ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ПОЛИЦЕЙЛЕР СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі» тақырыбында студенттер мен полиция қызметкерлерінің кездесуі өтті.
    Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы бастаған полиция саласының өкілдері қатысты.
    Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
    Полиция қызметкерлері студенттерге буллинг пен бопсалаудың, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымының, сондай-ақ топтық төбелестердің зардаптары туралы кеңінен түсіндірді.
    Сонымен қатар жастарға әлеуметтік желілердегі күмәнді ұсыныстарға сенбеу, жеке деректерді қорғау, жеңіл табысқа жетелейтін заңсыз әрекеттерден аулақ болу қажеттігі ескертілді. Мамандар әрбір құқық бұзушылықтың заң аясында жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары