Ақтан батыр ауылында Домақ қорымына барар жолдағы көпірге ауыл тұрғындарының демеушілігімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл көпір – ауыл тұрғындары үшін маңызды жол. Қорымға бару, ағайын-туыстың басына зиярат ету – әрқайсымыз үшін қасиетті парыз.
Ауылдастарымыз өз қаражаттарымен, өз күштерімен бірігіп, көпірді қалпына келтіруге кірісті. Бірлік бар жерде – береке бар!
Осындай игі іске атсалысып жатқан барлық ауыл тұрғындарына алғыс айтамыз!
Игі іс жалғасын таба берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









