«АГРОЛИГА–2026»: КӘСІБИ БІЛІМ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК АЛАҢЫ


    №9 Меркі колледжінде «Агролига–2026» республикалық кәсіби шеберлік байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауыл шаруашылығы саласындағы жас мамандардың басын қосқан байқау кәсіби тәжірибе алмасуға, шеберлікті шыңдауға және халықаралық байланысты дамытуға бағытталған.
    🤝 Ашылу рәсімі аясында №9 Меркі колледжі Тәжікстан техникалық университетінің Техникалық колледжімен және Ресей Федерациясының «Южно-Уральский агропромышленный колледжімен» ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
    Бұл келісімдер білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті кеңейтуге, мамандар даярлауда тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды дамытуға негіз болады.
    🌐 Іс-шара «Білім – тәжірибе көпірі» тақырыбындағы халықаралық телекөпірмен жалғасты. Чехия, Гонконг және Қытай Халық Республикасының өкілдерімен ұйымдастырылған кездесу білім беру саласындағы өзара байланысты нығайтуға арналды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары