1 / 3
Меркі ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Байарыстан қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнімен құттықтады.
Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары сала мамандарына ізгі тілегін білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлестері мен жауапты қызметтері үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, бірқатар қызметкерге еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табысталып, марапаттарға ие болды.
Мереке иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









