Үйден шықпай-ақ МСЭ-ден өтуге бола ма?

    Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) МӘС бөлімінің ғимаратына жеке бармай-ақ өтудің бірнеше түрі қарастырылған. Алайда оны өткізу тәртібі адамның денсаулық жағдайы мен медициналық көрсетілімдеріне байланысты анықталады.

    1. Үйде куәландыру.

    Егер адамның денсаулық жағдайына байланысты МӘС бөліміне баруы қиын болса, көзбе-көз куәландыру үйде жүргізілуі мүмкін.

    Ол үшін:

    * Емдеуші дәрігерге жүгіну қажет.
    * Дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) ұсынымын алу қажет.
    * № 031/у нысаны бойынша жолдама рәсімдеу қажет.

    2. Сырттай МӘС-тен өту.

    Белгілі бір жағдайларда медициналық құжаттар негізінде адамның жеке қатысуынсыз сараптама жүргізіледі.

    Мысалы:

    * адамды тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда;
    * адам қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық ем қабылдап жатқан жағдайда.

    3. Сырттай проактивті куәландыру.

    Заңнамада көзделген жағдайларда МӘС пациенттің міндетті түрде қатысуынсыз, электрондық медициналық құжаттар негізінде жүргізіледі.

    Бұл ретте пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімі қажет.

    Неден бастау керек?

    Тіркелген емханаңыздағы емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

    Дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) медициналық көрсетілімдерді қарастырып, МӘС-ке жолдау тәртібін анықтайды.

    Құқықтық негіз:
    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары»:

    * 21-тармақ – көзбе-көз куәландыруды үйде немесе стационарда жүргізу, сондай-ақ белгіленген жағдайларда сырттай куәландыру тәртібі.
    * 17 және 17-1-тармақтар – сырттай проактивті куәландыру туралы ережелер.

    Маңызды!
    Үйде куәландыру мен сырттай куәландыру – екі түрлі рәсім. МӘС-тен үйде өтуге кез келген адам құқылы деп түсінуге болмайды. Ол үшін заңнамада көзделген негіздер болуы қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары