Бұл – жастардың тегін білім алуына, жұмыс істеуіне, шығармашылықпен айналысуына, қабілеттерін дамытуына және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған заманауи кеңістіктер.
Орталықтардың мекенжайлары:
Халиуллин көшесі, 140/5;
Назарбаев даңғылы, 36.
Келушілер үшін тегін интернеті бар коворкинг аймағы, кітап оқу және демалыс орындары, контент жасауға, би билеуге, кездесулер мен шеберлік сабақтарын өткізуге арналған арнайы кеңістіктер қарастырылған.
Мұнда спорттық, мәдени және білім беру іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады. Сонымен қатар жастар психологтың тегін жеке кеңесін ала алады.
Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.
Орталықтың барлық мүмкіндіктері тегін қолжетімді!
Келіңіздер, дамыңыздар және өз идеяларыңызды жүзеге асырыңыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









