
1 қазан күні 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Халықаралық қарттар күніне орай «Алтын күз – 2026» мерекелік фестивалі өтті.
Іс-шараның мақсаты – аға буын өкілдерін қолдау, олардың қоғамдық, мәдени, шығармашылық және спорттық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру қағидаттарын насихаттау.
Мерекелік бағдарламаға Медеу ауданының зейнеткерлері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары мен олардың отбасы мүшелері, Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Іс-шараға шамамен 200 адам қатысты.
Қонақтар үшін мерекелік бағдарлама, тақырыптық алаңдар мен көрме ұйымдастырылды. Негізгі сахнада құттықтаулар айтылып, шығармашылық өнер көрсетілімдері өтті. Іс-шара барысында музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды.









