Шухов атындағы сквер БНУ бағдарламасы аясында жаңартылды

    1 / 2

    Сквер аумағында ұзындығы 12 200 метр болатын автоматты суару жүйесі орнатылып, 26 мың м² аумаққа көгал төселді. Жарықтандыру және түнгі жарықтық безендіру жүйелері жаңартылып, жаңа орындықтар орнатылды.
    Тұрғындардың жайлы демалысы үшін балалар ойын алаңдары абаттандырылып, шағын сәулет нысандары, балаларға арналған және спорттық элементтер орналастырылды. Сонымен қатар, тас төсемі жаңартылып, екі футбол алаңы қайта жасақталды.
    Нәтижесінде сквер заманауи әрі абаттандырылған қоғамдық кеңістікке айналып, аудан тұрғындарының демалуына, спортпен шұғылдануына және белсенді уақыт өткізуіне қолайлы жағдай жасалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Медеу ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары