Медеу ауданы әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Құрылған уақыты – 1936 жылдың қазан айы

    Алаңы –Медеу ауданының аумағы 253,4 ш.км құрайды, немесе 37% қала көлемінде

    Халқы242 100 адам

    Медеу ауданы - Алматы қаласының элиталы ірі әкімшілік, өнеркәсіпті және мәдени орталығы болып саналады. Ескі атауы - Фрунзе ауданы. 1995 жылдан бері Медеу деп өзгертілген.

    Аудан шекарасы: Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай Фурманов көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бойымен шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің шығыс жағымен солтүстікке қарай қала шекарасына дейін; қала шекарасы бойымен қиылысқа дейін Көктөбе шипажайы жолымен Әл-Фараби даңғылына дейін; Әл-Фараби даңғылы бойымен солтүстік-шығысқа қарай Атырау, Думан, Көктөбе, Көктөбе-2, Жаңа-Көктөбе, Бутаковка, Тау-Самал, Медеу шатқалы, Шымбұлақ, Алатау ықшам аудандарын қоса Фурманов көшесіне дейін.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Кумитэ және ката дисциплиналары бойынша балалар, жасөспірімдер мен юниорлар арасында Медеу ауданы әкімінің Кубогына арналған Шинкиокушинкай каратэден дәстүрлі турнир өткізді

    Медеу ауданы әкімінің аппараты мен Алматы қаласы бойынша «Шинкиокушинкай каратэ федерациясы» бірлесіп, 13 желтоқсан күні Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында кумитэ және ката дисциплиналары бойынша балалар, жасөспірімдер мен юниорлар арасында Медеу ауданы әкімінің Кубогына арналған Шинкиокушинкай каратэден дәстүрлі турнир өткізді. Жарысқа 5 жастан 15 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны шамамен 200 адамды құрап, бұл аталған спорт түріне деген қызығушылықтың жоғары екенін және жас ұрпақ арасында каратэнің белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Турнир салауатты бәсекелестік, жоғары спорттық рух пен өзара құрмет жағдайында өтті. Жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін, ерік-жігерін, тәртіптілігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Аталған жарыс дарынды спортшыларды анықтауға, олардың спорттық шеберлігін арттыруға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын және шығыс жекпе-жек өнерін насихаттауға маңызды алаң болды. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. ________ Аппаратом акима Медеуского района совместно с «Федерация каратэ Шинкиокушинкай» по г. Алматы 13 декабря во Дворце школьников города Алматы был проведён Традиционный турнир по Шинкиокушинкай каратэ в дисциплинах кумитэ и ката на Кубок акима Медеуского района среди детей, юношей и юниоров. В соревнованиях приняли участие спортсмены в возрастных категориях от 5 до 15 лет. Общее количество участников составило около 200 человек, что свидетельствует о высоком интересе к данному виду спорта и активном развитии каратэ среди подрастающего поколения. Турнир прошёл в атмосфере здорового соперничества, спортивного духа и взаимного уважения. Юные спортсмены продемонстрировали высокий уровень подготовки, силу воли, дисциплину и стремление к победе. Соревнования стали важной площадкой для выявления талантливых спортсменов, повышения их спортивного мастерства, а также популяризации здорового образа жизни и восточных единоборств среди детей и подростков. По итогам турнира победители и призёры были награждены кубками, медалями и грамотам

    13 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында бірлескен іс-шара өтті

    05.12.2025 күні Логистика және көлік академиясының Алматы колледжі қабырғасында прокуратура ардагерлері мен Заң палатасының қатысуымен «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында бірлескен іс-шара өтті. Логистика және көлік академиясының Алматы колледжінде құқықтық мәдениетті нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға прокуратура ардагерлері, Заң палатасының өкілдері және колледж қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылап, құқықтық жауапкершілік, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері және қауіпсіз әрі әділ құқықтық ортаны қалыптастырудағы қоғамдық институттардың рөлі туралы пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты дамытуға және азаматтардың заң талаптарын сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді. _______ 5 декабря 2025 года в Алматинском колледже Академии логистики и транспорта прошло совместное мероприятие с ветеранами прокуратуры и представителями Юридической палаты, посвящённое республиканской программе «Закон и порядок». На площадке колледжа состоялась содержательная встреча, направленная на укрепление правовой культуры и повышение юридической грамотности. Участниками стали ветераны прокуратуры, члены Юридической палаты и сотрудники образовательного учреждения. Во время обсуждений спикеры рассмотрели основные направления программы «Закон и порядок», особое внимание уделив вопросам правовой ответственности, профилактике правонарушений и роли общественных институтов в создании безопасной и справедливой правовой среды. Подобные инициативы помогают повышать правовую осведомлённость и формируют у граждан ответственное отношение к соблюдению законодательства.

    5 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Атырау» ықшам ауданы және “Восточка” ТҮК тұрғындарымен кездесті

    🔹Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Атырау» ықшам ауданы және “Восточка” ТҮК тұрғындарымен кездесті. Кездесуге мәслихат депутаттары, мемлекеттік құрылымдар мен аумақтық қызметтердің өкілдері қатысты. Тұрғындар сумен қамтамасыз ету және кәріз, жарықтандыру және т.б. мәселелерін көтерді. Кездесу барысында келіп түскен мәселелер қарастырылып, жұмыс тәртібімен шешілетін болады. *** 🔹Аким Медеуского района Еркебулан Оразалин встретился с жителями микрорайона «Атырау» и ЖК “Восточка”. Во встрече приняли участие депутаты маслихата, представители государственных структур и территориальных служб. Жители поднимали вопросы по водообеспечению и канализации, по освещению и др. Поступившие в ходе встречи вопросы будут изучены, и будут решены в рабочем порядке.

    27 қараша 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Татарка» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті

    🔹Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Татарка» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге мәслихат депутаттары, мемлекеттік құрылымдар мен аумақтық қызметтердің өкілдері қатысты. Тұрғындар сумен қамтамасыз ету және кәріз, жарықтандыру, балалар алаңдары мен жасыл желектердің жай-күйі және т.б. мәселелерін көтерді, кездесу барысында келіп түскен мәселелер зерделеніп, жұмыс тәртібімен шешілетін болады. *** 🔹Аким Медеуского района Еркебулан Оразалин встретился с жителями микрорайона «Татарка». Во встрече приняли участие депутаты маслихата, представители государственных структур и территориальных служб. Жители поднимали вопросы по водообеспечению и канализации, по освещению, состоянию детских площадок и зеленых насаждений и др. Поступившие в ходе встречи вопросы будут изучены, и будут решены в рабочем порядке.

    27 қараша 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин « Малая Станица» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

    🔹Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин « Малая Станица» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге мәслихат депутаттары, мемлекеттік құрылымдар мен аумақтық қызметтердің өкілдері қатысты. Тұрғындар сумен қамтамасыз ету және кәріз, жарықтандыру, балалар алаңдары мен жасыл желектердің жай-күйі және т.б. мәселелерін көтерді, кездесу барысында келіп түскен мәселелер зерделеніп, жұмыс тәртібімен шешілетін болады. *** 🔹Аким Медеуского района Еркебулан Оразалин встретился с жителями микрорайона «Малая Станица». Во встрече приняли участие депутаты маслихата, представители государственных структур и территориальных служб. Жители поднимали вопросы по водообеспечению и канализации, по освещению, состоянию детских площадок и зеленых насаждений и др. Поступившие в ходе встречи вопросы будут изучены, и будут решены в рабочем порядке

    27 қараша 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин 2025 жылдың 13 қазанында «Алатау» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті

    🔹Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин 2025 жылдың 13 қазанында «Алатау» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге мәслихат депутаттары, мемлекеттік құрылымдар мен аумақтық қызметтердің өкілдері қатысты. Тұрғындар сумен қамтамасыз ету және кәріз, жарықтандыру, балалар алаңдары мен жасыл желектердің жай-күйі және т.б. мәселелерін көтерді, кездесу барысында келіп түскен мәселелер зерделеніп, жұмыс тәртібімен шешілетін болады. *** 🔹13 октября 2025 года аким Медеуского района Еркебулан Оразалин встретился с жителями микрорайона «Алатау». Во встрече приняли участие депутаты маслихата, представители государственных структур и территориальных служб. Жители поднимали вопросы по водообеспечению и канализации, по освещению, состоянию детских площадок и зеленых насаждений и др. Поступившие в ходе встречи вопросы будут изучены, и будут решены в рабочем порядке.

    27 қараша 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Аула ішіндегі аумақтағы ағаштарды санитарлық кесу

    Жауап

    Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына сәйкес аула аумағында орналасқан ағаштар басқару органдарының (ПИК) жауапкершілік аймағы болып табылады, сондай-ақ апатты, қураған, көнерген ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңына сәйкес рұқсат алу талап етілмейтін (ағаштарды кесуге рұқсат беріледі) жасыл желектерді күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың бір бөлігі болып табылатынына назар аударамыз. Бұл ретте адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ескі желектерді санитариялық кесу Төтенше жағдайлар органдарын құтқару қызметінің куәландыру актісі негізінде жүргізіледі (телефон нөмірі 109). Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне сәйкес (М. А. бұйрық) 2015 жылғы 26 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген) тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шығыстар сметасын бекітеді. Онда шығындардың негізгі үлестерінің бірі: көгалдандыру қызметтері (көгалдандыру, күтім жасау, жасыл желектер мен көгалдарды кесу). Кондоминиум объектісін басқару органының жұмысы қанағаттанғысыз болған жағдайда, басқа үйлермен бірге Үй-жайлар иелерінің бір кооперативі басқаратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері көпшілік қабылдаған шешім бойынша осы кооперативтің құрамынан шығуға және өзінің жеке кооперативін құруға, басқа кооперативке көшуге не кондоминиум объектісін басқарудың өзге де нысанын (МИБ) қолдануға құқылы.

    ·
    Сұрақ

    Аула ішіндегі аумақты санитарлық тазалау

    Жауап

    Аула ішіндегі және іргелес аумақтың санитарлық жағдайы мен ұсталуына ПИК жауап береді. Меншік иелерінің жалпы жиналысында аумақты санитарлық тазалау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу туралы мәселе қою қажет. Егер басқару органы жазбаша сауалдарға жауап бермесе және өз міндеттерін тиісті түрде орындамаса, тұрғындар жалпы жиналыста кооператив төрағасын қайта сайлау туралы мәселе қоюы керек. Сонымен қатар, ҚР "тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 42-1 бабына сәйкес, пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Жиналыста қабылданған шешімдер барлық пәтер иелері, тұрғын емес үй-жайлар үшін міндетті болып табылады. Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді. Кондоминиум объектісін басқару органының жұмысы қанағаттанғысыз болған жағдайда, басқа үйлермен бірге Үй-жайлар иелерінің бір кооперативі басқаратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері көпшілік қабылдаған шешім бойынша осы кооперативтің құрамынан шығуға және өзінің жеке кооперативін құруға, басқа кооперативке көшуге не кондоминиум объектісін басқарудың өзге де нысанын (МИБ) қолдануға құқылы.

    ·